×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қарағандыда Qarmеt шахташыларынан ақша бопсалады деген күдіктілер ұсталды

11.12.2023, 07:51
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестірумен Qarmеt кеншілерінен қорқыту, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы полицияға сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында топтың осындай 15 фактіге қатысы бар екені анықталған. Сонымен қатар қылмыстық топтың қатысушылары қаруларды қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және аталған облыстың Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған.

Күдікті адамдарды ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізілді, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді. Барлығы 10 адам ұсталды, олардың ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.

– Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасымен тергелуде. Қылмыстық процеске қатысушылардың мүдделері үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері жария етілмейді, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Естеріңізге салсақ, 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, 46 кенші қаза болды.

Шахтада көз жұмған жұмысшылардың толық тізімі жарияланды.

Бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапев АМТ-ның жаңа инвесторын атаған еді. Ол - Аллюр компаниялар тобының басшысы, кәсіпкер Андрей Лаврентьев. 

Лакшми Митталдың Қазақстанда өз активтерін қанша сомаға сатқаны белгілі болды. Мәміле Лондонда өткен. Бастапқыда Миттал 3,5 миллиард доллар сұраған, бірақ соңында бұл сома азайған. Ақыры, Лакшми Миттал Қазақстандағы активтерін 286 млн долларға сатқан.

9 желтоқсанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Сол тұста жеті адам қамауға алынғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары