×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Щучинск қаласындағы өрттен 2 адам ажал құшты

07.01.2024, 18:04
Ақмола ТЖД

Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өртті сөндіруге 7 техника мен жеке құрамнан 22 адам жұмылдырылған. Өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесіне байланысты қиынға соққан. Себебі, үй құрылымдық жағынан толығымен ағаш конструкциялардан тұрғызылған және отқа төзімділіктің 5-дәрежесіне жатады. 

"Өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті қаза болғандардың туыстарына көңіл айтады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті үйдегі өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады. Атап айтқанда:

 – электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;

- жылыту пештерін қараусыз қалдырмаңыз, ұзақ қыздырмаңыз;

- электр жабдықтары мен сымдардың жағдайын бақылаңыз;

- үй-жайларды немесе көліктерді жылыту үшін қолдан жасалған, ақауы бар жылыту құрылғысын пайдаланбаңыз;

- балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.

Серіктес жаңалықтары