×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Qazaq Stroy басшысы Алматыда кесілген ағаштар жайлы түсіндірді

08.01.2024, 14:22
Коллаж Ulysmedia

Qazaq Stroy құрылыс компаниясының директоры Болат Ибрагимұлы Алматы қаласы Алатау ауданы, Дарабоз ықшам ауданындағы тұрғын үй кешені құрылысының аумағындағы ағаштарды кесу жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Біз осы қалада туып өстік және біздің іс-әрекеттеріміз қоғамда жағымсыздық тудырғаны өте өкінішті. Осы мәселе жөнінде түсіндіріп өтсем деймін. 2023-жылдың мамыр айында осы жер учаскесін сатып алғаннан кейін тұрғындармен үнемі кездесіп, келіссөздер жүргізіп отырдық. Тұрғындар бірнеше мәселелерді көтерді. Оның ішінде, қоқыс толы, жаяу жүргіншілер жолы, жарықтандыру жоқ. Сонымен қатар, бұл жерде жүру қауіпті болды. Себебі, мұнда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жиналып, қаңғыбас иттердің үйірлері кезіп жүрді. Ағаш кесілген жерде ешқашан саябақ болған емес, тек жабайы өсінділер болған. Сондықтан бастапқыда біз өз жобамызда заманауи саябақ салуды қарастырдық", – Болат Ибрагимұлы

Құрылыс салушының айтуынша, саябаққа ағаштар отырғызылады, олардың арасында Қызыл кітапқа енген ағаш түрлері де болады. Сонымен бірге, көгалдар төселіп, сыртқы жарықтандыру, суару жүйелері орнатылады және жаяу жүргіншілер жолдары жасалады. Демалыс және воркаут алаңдары бар көпфункционалды спорт аймағы жабдықталады.

"Жалпы айтқанда, мұнда тұрғындарымыз өз отбасымен демалып, уақыт өткізетін заманауи саябақ болады. Жұмысты бастамас бұрын мамандандырылған компания осы учаскедегі ағаштарды санап, тұқымды зерттеді. 2979 ағаш шықты. Оның ішінде 182 ағашты қайта отырғызуға, ал 2797 ағашты кесуге рұқсат алдық. Мұның бәрін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жасадық және барлық қажетті құжаттарды алдық. Өтемақы заң бойынша кесілген 1-ағашқа 10-ағаш отырғызылу қажет. Сондықтан, биыл барлығы 27 970 ағаш отырғызамыз. Ең алдымен, біз жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің аумағында, содан кейін бүкіл қалада отырғызуды бастаймыз", - деп толықтырды құрылыс компаниясының директоры.
Серіктес жаңалықтары