×
450.61
488.91
4.97
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
450.61
488.91
4.97

Рудныйдағы 15 үйдің тұрғындары жылусыз қалды

12.01.2024, 11:14
Коллаж Ulysmedia

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын үйдегі жылы батареясының жарылуы туралы ақпарат берген. Оны реттеу үшін қалған үйлердегі жылуды өшіру керек болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тұрғындар кінәлі ме

"Рудный жылу желілері" компаниясы Чекмарев көшесіндегі үйдің тұрғынынан батареяның жарылуы туралы хабарлама түскенін хабарлады. 

"Салдарынан 15 үй жылудан ажыратылды. Бұл жағдай ішкі желілерді дұрыс дайындамау және үйге кіре берісте де, үй ішінде де жұмыс істейтін бекіткіш арматураның болмауы салдарынан туындады. Мұндай факт аз емес. Жеке сектор тұрғындары жылу беру маусымына өздерінің ішкі желілерін күтіп-баптауды және дайындауды қажет деп санамайды. Бригада көрсетілген мекенжайға барып, апатты жою бойынша жұмыстар жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Апат 40-50 минут ішінде реттелді. Қазіргі уақытта жылу жүйесі сумен толтырылуда.

“Апаттан қашып құтыла алмаймыз...”

Естеріңізге салсақ, былтыр жыл соңында сегіз қалада, соның ішінде Көкшетау, Балқаш, Ақтау, Теміртау, Риддер және Жаңаөзенде жылу жүйелерінің жұмысында ақаулар анықталған еді. Ал Үкімет апаттан қашып құтыла алмайтынын алға тартты.

 

Серіктес жаңалықтары