Маңғыстауда бүркіттің сирек кездесетін түрлері мекендейді. Олардың бірі арнайы құрған фотоқақпанға түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірде мекендейтін сирек кездесетін жыртқыш құш Маңғыстаудағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда байқалды.
Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген құс патшасының денесінің ұзындығы - 93 см болады. Ал, ол қанатын құлаш жайғанда қанатының ұзындығы 2,4 метрге жетеді.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін құстар – дала қырандары жаппай қырылып жатқанын жазған едік.
Бұл түрдің, әсіресе, Еуропада жойылу қаупі жоғары екендігі атап өтілді. Егер дала қыраны Қазақстанда жойылып кетсе, бұл түрдің толық дерлік жойылуын білдіреді. Құстардың популяциясына браконьерлер ғана емес, энергетика саласы да кері әсерін тигізуде.
Құстардың жаппай қырылуының негізгі себебі - құстарды қорғау үшін арнайы құрылғылармен жабдықталмаған электр желілері тіректерінің оқшаулағыштарына тиюден электр тоғының соғуы. Бұл мәселе Қазақстанның әртүрлі аймақтары бойынша мыңдаған шақырымға созылатын жоғары вольтты электр желілерімен байланысты.