×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Түркістан облысындағы жалғыз ұлттық спорт клубы жабылады

31.01.2024, 12:46
Фото: Gov.kz

Еліміз биыл көшпенділердің дүниежүзілік ойынын өткізуге әзірлік жасап жатқан тұста Түркістан облысы Арыс қаласының әкімдігі ұлттық спорт  клубын  жауып, таратып жібермек. Осында шынығып жүрген 250-дей жасөспірім енді  жаттығуларын футбол командасының базасында жалғастыруға  мәжбүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құсы нағыз бабына келген тұста Сағидың өзінен маза кетті. Бұған дейін Тараз қаласында өткен сайыста еліміздің жастар арасындағы  чемпионы атанған ол көшпенділердің дүниежүзілік ойынына қатысуға ниетті болатын. Ұлттық спот клубы жабылады дегелі бері бапкері екеуі әрі-сәрі күйде. Әйтесе де жаттығуларын әлі жалғастырып келеді, деп жазды Qazaqstan.tv.

Күнделікті әр құсты етін көбейтпей, азайтпай, етті ағартып, суға салып, құсты семіртпей, аздырмай бір формада  ұстап дайындаймыз. Етті қолдан жеп отыр, қолға келіп отыр. Дайын десек те болады, - дейді Құсбегілік тобының тәрбиеленушісі Сағи Махмұтұлы. 

Алғашында жағалтай мен тұрымтай, қырғи секілді майда құстарды қолға үйреткен құсбегілер қазір ителгі мен қаршығаны түлетіп, аң ілетін деңгейге жеткізді. Оған екі жылдай уақыт кетті.   

Атадан қалған мұра ғой бұл енді. Құсбегілік арқылы елімізді талай  мемлекетке танытсақ деген үмітіміз бар. Осылай енді жабылады деген хабар келді де қуанышымыз су сепкендей басылып отыр, - дейді жаттықтырушы Мәди Қалқожаев.

Түркістан облысында ұлттық спорт түрлері бойынша спорт клубы тек Арыс қаласында ғана құрылған болатын. Мұнда теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, бәйге, көкпар және асық ату үйірмелері жұмыс істеді. Бапкер және нұсқаушыларды қосқанда 30-ға тарта маман балаларды ұлттық спорт түрлеріне баулуда.

Барлық спорт түрлерінен облыста алғашқы үштікте көрініп жүрміз. Алғашқы екі жылда  жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес. Негізі нәтиже 5 жылда көрінеді. Қазіргі таңда басты мақсатымыз саятшылық болып тұр. Ол бойынша көшпенділерге қатыса аламыз. Оған шәкірттеріміз дайын, - дейді Арыс қаласы Ұлттық және жекпе-жек спорт түрлері аула клубының директоры Қанат Кенжебеков.

Алайда жергілікті әкімдік клуб бапкерлерін ешқандай нәтиже көрсетпедіңдер деп жазғырып отыр. Оның үстіне жыл сайын бөлінетін 130 миллион теңге қазынаға тым ауыр дейді. Сондықтан енді тек атты қажет етпейтін ұлттық спорт түрлерін ғана  қалдырып, клубты футбол командасының қарауына беруді жөн деп тауыпты. Осылайша әкімдік кезінде өздері ашқан  мектепті өздері жауып тастамақ.

Бұл жерде аударыспақ, ләңгі тебу, құсбегілік бойынша жұмыстар атқарыла береді. Ал мынау көкпар бойынша жылқыларды ұстауға, баптауға қаржы тапшылығына орай болмайды,- дейді Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова.

Осылайша, қала әкімдігі ұлттық спорт клубын жабу арқылы бюджеттің 100 миллион теңгесін үнемдейміз деп отыр. Ал ондағы басшылық құрамнан өзге мамандар жұмыссыз қалмайды деп сендірді.

Серіктес жаңалықтары