×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ата-анасы емдеуден бас тартты: Алматы облысында ВИЧ жұқтырған бала қайтыс болды

02.02.2024, 09:28
ulysmedia

АИТВ жұқтырған 9 жасар бала ата-анасы емделуден бас тартқаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облысының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ата-анасының емделуден бас тартуы салдарынан АИТВ жұқтырған 9 жасар баланың қайтыс болғанын хабарлады. Бала мен оның ата-анасы 2016 жылы ЖИТС орталығында тіркелді, бірақ, диагнозға қарамастан, отбасы қажетті медициналық шараларды қабылдамаған.

Ата-аналар АИТВ-инфекциясын мойындаудан бас тартты, дәрігерлердің нұсқауын сақтамады және баланы динамикалық бақылауға кедергі келтірді. Тиісті органдар мен дәрігерлердің 2023 жылдың қарашасында баланы отбасынан уақытша алып кету үшін комиссия құру әрекеті ата-аналардың үзілді-кесілді бас тартуына байланысты қабылданбады.

Баланың жағдайы 2024 жылдың 9 қаңтарында күрт нашарлап, реанимацияға жатқызылды. Ата-анасы баланың АИТВ дертіне шалдыққанын жасырған және оның ауруханаға жатқаны туралы ЖИТС орталығының дәрігерлеріне хабарланбады. Бала 27 қаңтарда ауыр иммун тапшылығы жағдайында сепсис пен пневмониядан қайтыс болды.

Қазақстан заңнамасы АИТВ-инфекциясын мәжбүрлеп емдеуді көздемейді.

Бұдан бұрын Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының пациенттері АИТВ-инфекциясын жұқтырып алғаны бойынша тергеу нәтижелері шықты.

Тергеу нәтижелері бойынша инфекцияны таратқан АИТВ асқынып, ауруханаға түскен басқа науқас болып шықты.

Осыған байланысты эпидемиология бойынша бас дәрігердің орынбасары, реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, стационардың бас медбикесі және реанимация бөлімшесінің аға медбикесі жұмыстан шығарылды.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі АИТВ жұқтырған науқастардың барлығы сәуір айында ОҚКБ-ның бірнеше бөлімшелерінде медициналық көмек алғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары