×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Батыс Қазақстанда қар суы жолды шайып кетті

10.02.2024, 07:51
БҚО ТЖД

Батыс Қазақстан облысында облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолын еріген қар суы шайып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Батыс Қазақстан облысында облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолын еріген қар суы шайып кетті.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, оқиға 9 ақпан күні сағат 16.30 шамасында Жаңақала ауданы Мәстексай ауылынан 2 шақырым жерде болды.

«Қардың күрт еруі салдарынан су жолдың үстіне шығып кеткен (шаю ені – 55 метр, тереңдігі – 25 см). Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Автокөлік жүретін жайдақ жол бар. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жергілікті әкімдік, полиция, ТЖ бөлімі кезекшілік ұйымдастырды. «Юнисерв» ЖШС күшімен жолды бекіту жұмыстары жүргізілуде. Оқиға бақылауда», деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары