×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ақтау тұрғынын көлікте қорлап кетті

27.10.2021, 20:47
Фото: ашық дереккөз

Құқық қорғаушылар қорланған қызды дәрігерлер қараудан бас тартып отырғанын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

mgorod.kz-ның мәліметінше, бұл қылмыс туралы «НеМолчи.kz» қоры жазды. Ақтау қаласының тұрғыны өзін көлікте қорлап кеткені туралы айтқан.

«Арыз жаздық, бірақ ешкім әлі тергеу амалдарын бастаған жоқ. Зардап шегушінің киімін де алған жоқ. Күдіктіні де ұстаған жоқ. Оқиға болған жерді тексерген жоқ. Көлікті автотұраққа алып кеткен жоқ және сараптама тағайындамады. Тек кезекші сот-медициналық сараптамаға жолдама беріп, зардап шегушіден жауап алды», - дейді қордағылар.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті арыз 26 қазанда түскенін айтты. Қызды таныс адамы қорлаған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бап, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Терегу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Фон өкілдері қорланған қыз дәрігерлердің көмегіне жүгінгенін, бірақ олар қараудан бас тартқанын айтты.

«Дәрігерден қорланған қыздың жағдайы қалай екенін сұрадық. Қызды дәрігерлер қарамай қойды. №34 дәріхананың бас дәрігері оны қарудан бас тартты», - дейді құқық қорғаушылар.

Серіктес жаңалықтары