×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Алматыда бірнеше көліктің үстіне ағаштар құлады

13.03.2024, 12:21
Фото: Instagram/kris__p__almaty

Алматыда 13 наурыз күні таңертең бірнеше көліктің үстіне ағаш құлады. Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге көліктерін ағаштың астында қалдырмауды сұрап, үндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде пайда болған видеоның сипаттамасында оқиғаның таңғы сағат 7:00 шамасында 9-шағын ауданда болғаны айтылған. Кем дегенде жеті көлік зақымданған көрінеді. Төтенше жағдайлар қызметіне бұл факті бойынша ешқандай шағым түскен жоқ, – деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.

Бұл ретте департамент көлік иелерінен жауын-шашынның көп болуына байланысты көліктерін ағаштардың, электр желілерінің және басқа да асып тұрған құрылыстардың астында қалдырмауды сұрады.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша (күндіз қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар, көктайғақ, солтүстік-шығыстан жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2°, күндіз 0+2° жылы), Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда жаяу жүруден бас тартуды және 112 қызметінің SMS-хабарламаларын, БАҚ-тағы ақпаратты назардан тыс қалдырмауды сұрайды, - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауынша, Алматыда жауып жатқан қар сағат 15:00 шамасында аяқталады.

Серіктес жаңалықтары