×
$
453.26
€
506.7
₽
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.26
€
506.7
₽
5.58

Шымкентте жол, энергетика және әлеуметтік нысандарды дамыту жоспарлары талқыланды

Бүгін, 20:15
Шымкентте жол, энергетика және әлеуметтік нысандарды дамыту жоспарлары талқыланды
Фото: әкімдіктен

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен актив отырысында инфрақұрылымды жаңарту, тұрғын үй салу және инвестиция тарту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылауға арналды. Оған жергілікті атқарушы және өкілді органдардың басшылары, зиялы қауым, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қандай жоспарлар айтылды?

Ғабит Сыздықбеков қаланы дамытудың негізгі бағыттары ретінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды кеңейту, тұрғын үй қорын ұлғайту, жол желісі мен энергетикалық жүйелерді жаңартуды атады.

Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, спорт және қоғамдық қауіпсіздік нысандарын салу мәселелері сөз болды. Экономика бағытында инвестиция тартуға, кәсіпкерлікті қолдауға, өндірістік қуаттарды кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық берілмек.

Қатысушылар не ұсынды?

Отырыста қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Бұхарбай Парманов, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Әбдез Иманқұлов және Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова сөз сөйледі. Олар қаланың дамуына қатысты мәселелерді көтеріп, салалық жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Жиын қорытындысында әкім жауапты басшыларды тапсырмаларды орындауға және әр бағыт бойынша нақты нәтижеге қол жеткізуге шақырды.

Әкімдік таратқан хабарламада аталған жобалардың құны, нақты іске асыру мерзімдері және салынатын нысандардың саны көрсетілмеген.