×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

БҚО-да әкімнің жалақысынан алимент ұстамай келген есепші жазаланды

14.03.2024, 14:41
Фото: dzen.ru

Батыс Қазақстан облысында ауылдардың бірінде әкімдік бухгалтері әкімнің жалақысынан алимент ұстамай келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы жергілікті «Мой город» басылымы жазды.

БҚО Әділет департаменті мәліметінше, ауылдық округ әкімдігінің бухгалтері лауазымды тұлға бола отырып, әкімнің жалақысынан алимент ұстамаған.

Тиісінше алимент өндіріп алушыға қаражат түспеген.

Әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 55 мың теңге айыппұл салынды, - делінген мәліметте.

БҚО Әділет департаменті заң барлығы үшін міндетті екенін еске салды. Алименттерді уақтылы ұстамау және аудармау жеке тұлғаларға 10, лауазымдыадамдарға 15, заңды тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Серіктес жаңалықтары