×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Әрбір үшіншісі жауапсыз: Досаев Алматыдағы құрылыс компаниялары жайлы

15.03.2024, 12:05
Freepik

Алматы қаласы әкімінің айтуынша, компаниялардың көбі қаражаттың жоқтығынан жабылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Халықпен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаевқа тұрғындар құрылыс компанияларының жұмысының нашарлығына шағымданған. Әкім мәселеден хабардар екенін айтады.

– Менің ойымша, мемлекеттен мердігерлікті алған әрбір үшінші құрылыс салушы жауапсыз жұмыс істейді. Егер сапа туралы айтар болсақ, онда құрылыс салушылар бойынша сотта 30-ға жуық талап-арыз бар. Бірақ ақшаны қайтару керек - ең қиыны да осы. Көп компания қаражаттың жоқтығынан жабылды, - деді Досаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарының өзгеруіне мораторий енгізілгені хабарланған болатын.

Оның алдында Ерболат Досаев тау бөктеріндегі аудандарда жеке тұрғын үйлердің құрылысын реттеу туралы айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары