×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Павлодарда зертханалар жарамсыз аспаптарды пайдаланған

19.03.2024, 15:49
Фото: mngz.ru

Кәсіпкерлер жарамсыз аспаптарды пайдалана отырып, ет және сүт өнімдеріне 8 мыңнан астам заңсыз зерттеу жүргізген. Оларға жалпы сомасы 1 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар қаласының прокуратурасы жекеменшік ветеринариялық-сантитариялық зертханаларды тексеріп, өрескел заңбұзушылықтарды тіркеді.

Прокурорлық тексеру барысында жарамсыз құралдармен сүт және ет өнімдеріне 8 мыңнан аса зерттеу жүргізілгені анықталды. Сондай-ақ ветеринариялық заңнаманың қарапайым талаптары бұзылған. Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 406 және 419 баптары бойынша заңды тұлғаларға шамамен 1 млн теңге сомасында айыппұл салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта жеке зертхана лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселе шешіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары