×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Сарыағашта анасы қызын 17 адам зорлағанын айтты

31.10.2021, 15:52
Фото: ашық дереккөз

Сарыағаш ауданында анасы қызын 17 адам зорлағаны туралы арыз жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде Сарыағаш ауданында 17 ер адам кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады. Журналист қыздың анасы редакцияға жазған хатты бөлісті.

Түркістан облысының Полиция департаменті әйелдің арызы бойынша түсініктеме берді.

«Сарыағаш ауданының тұрғыны полицияға 25 мамырда шағымданды. Ол 17 жастағы қызын алып қашқаны туралы арыз жазған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша тіркеуге алынды. 2004 жылы туған қыз жұмыстарымен кетіп, сол күйі жоғалып кеткен. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, бір тәулік ішінде ата-анасына қайтарған», - делінген хабарламада.

Арада тағы бір апта өткенде – 31 мамырда қыздың анасы полицияға алып қашу фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы нотариустың қолы қойылған өтініш жазған.

«10 маусымда ол тағы да полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді. Бұл жолы ол қызын 17 ер адам зорлағаны туралы арыз жазған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалды. Сот-медициналық сараптама зорлау болмағанын хабарлады. Сондай-ақ, жәбірленушінің анасы оның киімін өз қолымен өртеп жібергені анықталды. Осыған байланысты сарапшылар сараптама жұмысын істей алмады», - делінген аудандық полицияның баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстарымен облыстық полиция департаменті айналысуда. Кешенді сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары