×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Теміртау ауыз сусыз қалды

30.03.2024, 15:28
Теміртау ауыз сусыз қалды
eKaraganda.kz

Теміртау қаласында құбырдың зақымдалуына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оң жағалау шағын ауданының барлық тұрғындары апатқа байланысты ауыз сусыз қалды. Теміртау әкімі Ораз Даурбеков ТЖ режимін жариялады.

"Құрметті теміртаулықтар, кеше оң жағалаудағы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық бұзушылыққа байланысты біз бұл аймаққа ауыз су беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық.

Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын назарға ала отырып және қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып мен төтенше жағдай режимін жарияладым. Оның шеңберінде біз қысқа мерзімде ауыз су берудің штаттық режимін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз", – деп жазды ол әлеуметтік желілерде.

Ауыз су режимін жақын арада қалпына келтіруге уәде етілген.