×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Атырау облысындағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

31.03.2024, 18:00
Атырау облысындағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды
Қызылқоға аудандық әкімдігі

Атырау облысынлағы Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылына Ойыл өзенінен тасқын су кіру қаупі туындады. Осыған байланысты төтенше жағдай жарияланып, ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылданды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қызылқоға ауданы әкімдігінің мәліметінше, тұрғындарды қабылдау үшін Миялы ауылындағы Ы.Шөреков атындағы орта мектеп-гимназия, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп пен «Нұр-Шуақ» балабақшасы дайын тұр.

«Тұрғындардан аудан әкімдігі, «Арман» мәдениет үйі мен «Жаңа арна» мекемесінің ғимаратына жиналу сұралады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас адамдар, I, II, III- топтағы мүгедектер көшіріледі», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.