×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодарда кісі өлтіріп, сотталған адам 5 жыл балабақшада жұмыс істеген

15.04.2024, 17:27
Павлодарда кісі өлтіріп, сотталған адам 5 жыл балабақшада жұмыс істеген
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысы Железин ауданының балабақшалары мен мектептерінде ауыр қылмыстары үшін сотталған адамдар жұмыс істеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Железин ауданында жүргізілген прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызмет еткені анықталды.

Мысалы, балабақшалардың бірінде кісі өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.

Бірнеше білім беру мекемесінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды. Мұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған. Железин аудандық прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылып, басшылары тәртіптік жазаға тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Прокурорлардың сөзінше, жалпы 500-ден астам кәмелетке толмаған азаматтың құқығы қорғалған.