×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыда 27 сәуірде жаппай алма ағаштары отырғызылады

25.04.2024, 12:06
Фото: Алматы әкімдігі

«Алматы – бақ қала» акциясы аясында осы жылдың 27 сәуірінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының аясында жасыл желек егумен қатар, жаппай алма ағаштары отырғызылады.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. 

7 705 жасыл желек, оның ішінде 4 015 жеміс (3 855 алма ағашы) және 1 090 жапырақты ағаш, 2 600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және тағы басқа) отырғызылады. 

«Алматы — бақ қала» жалпықалалық акциясына қатысуға Алматының барлық тұрғыны мен қонағы шақырылады. Акция барысында шығармашылық байқаулар (таңертеңгілік жаттығу, би флешмобы, йога, викторина, шеберлік дәрісі және тағы басқа) өткізу көзделген. 

Көшет егу жоспарланған негізгі орындар:  

  • ҮАК бойындағы көшенің солтүстігінде, Жаңа Сайын көшесінің шығысында орналасқан саябақ аумағында 500 жеміс ағашы (алма ағашы – 250 дана, өрік – 250 дана);
  • «ALA» саябағының аумағында 2 270 алма көшеті;
  • Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1 000 жапырақты ағаш.

Аудан әкімдіктері алма аллеяларын құру, жапырақты ағаштар мен бұталарды отырғызу бойынша жұмыстар жүргізеді:

  • 1 245 алма ағашы;
  • 90 жапырақты ағаш;
  • 2 600 бұта (сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және тағы басқа).
Серіктес жаңалықтары