×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шамаларың келмесе біз қуып шығайық – депутат Зайытов Маралдыдағы алтын дауы мәселесін көтерді

29.04.2024, 15:34
Шамаларың келмесе біз қуып шығайық – депутат Зайытов Маралдыдағы алтын дауы мәселесін көтерді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылындағы жергілікті халық пен алтын зауытын салғысы келетіндердің арасындағы дауға байланысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зайытов не дейді?

Өнеркәсіп саласындағы мәселелер көтерілген үкімет сағатында Ринат Зайытов негізгі сұрағы ретінде Маралдыдағы мәселені айтты.

– Шығыс Қазақстан облысында Маралды деген ауыл бар. Сол ауылдың айналасында у-шу болғалы бір жылдан астам уақыт болды. Зауыт бар, салынатыны-салынбайтыны белгісіз. Экология министрлігі былтыр менің сауалыма берген жауабында “ол жерден аяқ астынан бұлақ табыды, бұрын жоқ еді, қайта қарастырып жатырмыз” деген әдеттегідей жауабын берді өтірік жоспарлаған. Әлі халық ол жерде келісе алмай жатыр. Күнде наразылық, күнде ауылын қорғап жатыр. Аналар (алтын қазғысы келетін компания) техникасымен келіп, “қазамыз” дейді. Халық “рұқсатың жоқ, қазбайсың” дейді. Өтірік жиналыстар өтеді. Әбден жүйкесін тоздырып бітті. 

Ол халықтың қасында біз де тұрмыз. Кабинетте отырмыз дегенмен. Осы ретте салалық министрліктерге, өнеркәсіп, экология, сауда – қайсыңыз осыған рұқсат беріп отырған? Беріңіздерші жауабын. “Жоқ” болса “жоқ” деп айтыңыздар. Ертең Маралдыға барып, шамаларыңыз келмесе біз қуып шығайық, – деді Ринат Зайытов.

Депутат цианидпен бір ауылды улағалы отырған қай министрлік деп тіке айтты. Үкімет сағатында депутаттар кезек-кезек сөз алып жатқаннан кейін Зайытовтың сұрағына жауап берілген жоқ.

Маралдыдағы шу

Маралды ауылындағы алтын дауы өршімесе басылар емес. Маралды тұрғындары мен осы ауылдан шыққан азаматтар екі жыл бойы ресми органдарға ондаған хат жазып, жауапты басшылармен кездессе де, алтын зауыты құрылысын тоқтата алмаған. «Тоқаевтан басқасының бәрімен кездестік, әділдік таба алмадық» дейді олар.

Былтыр 19 шілдеде маралдылықтар мен алтын зауыты «күзетшілері» арасында болған қақтығыстан кейін 25 шілдеде ауылға тағы да Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі және облыс, аудан әкімдігі билігінен өкілдер барған. Алайда министр, облыс әкімі деңгейіндегі шенеуніктер Маралдыға әлі де аттап басқысы келмейді. Ал ортаңқол шенеуніктердің келгенінен «пайда болмады» деген маралдылықтар екі күн бұрын тағы президентке үндеу жолдаған.

Сол тұста ауылдағы халықтың алтын зауытындағылармен текетіресі қантөгіске ұласа жаздаған. Ulysmedia.kz тілшісі 19 шілдеде Маралдыда болған оқиғаны өз көзімен көріп, портал бетінде баян еткен еді.