×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Атырау облысында шаруа қожалықтарын да су басып жатыр

30.05.2024, 11:18
Фото: видеодан скрин

Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, қала бойынша 265 шаруа қожалықтың 37-сін, яғни 3120 гектар аумақты су басқан. Оның ішінде Соколок өзені бойы, Алмалы мен Еркінқала ауылдық округтері бойынша суда қалған 18 мал шаруашылығы, 19 егін шаруашылығы тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдік не дейді

Бүгінде Қайыршақин, Еркінқала, Алмалы ауылдық округтері мен Атырау қаласында 180 шаруа қожалығын су басу қаупі бар.

Су басқан шаруа қожалықтарындағы мал басы қауіпсіз аймаққа көшірілді. Адам шығыны мен үйлерді су басу жағдайы орын алған жоқ. Алайда, "Алтын сазан" демалыс орны мен "Адай" дүкені зардап шекті. Қазіргі уақытта әкімдік тарапынан қиын жағдайда қалған шаруа қожалықтарына техника, жанар-жағармай, құрал-жабдықтар, бөгет салу, және малға қажетті жем-шөппен көмек көрсетілуде, – дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Өтемақы төленеді

Қауіпті аймақтарда тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылған.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығына келген шығынды өтеу бойынша қалалық комиссия құру жоспарланып, сол арқылы шаруа қожалықтарының иелеріне өтемақы төленбек.

Серіктес жаңалықтары