×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ШҚО-да той үстінде жаңғаққа қақалған сәби көз жұмды

18.11.2021, 23:07
ШҚО-да той үстінде жаңғаққа қақалған сәби көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Бала жаңғаққа қақалып қалған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Noks.kz-ның мәліметінше, ШҚО Полиция департаменті 11 қараша күні Үржар ауданы, Көктау ауылында 2018 жылы туған баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үйлену тойына басқа ауылдан келген қонақтардың бірі өздерімен бірге балаларын ала келген. Той 9 қараша күні болса, бала 11 қараша күні көз жұмды.

«Баланы медициналық мекемеге алып келген кезде оның жаңғаққа қақалып қалғаны айтылған. Алдымен бала Көктау ауылындағы амбулаторияға жеткізілген. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген, бірақ тамағына тұрып қалған бөгде затты алып шыға алмаған. Одан кейін баланы Үржар аудандық ауруханасына алып барған. Ол жерде де алғашқы медициналық көмек көрсетілген, бірақ сол кезде балаға дем жетпей қинала бастаған. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді», - дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.