×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Түркістан облысында кәрізден сәбидің денесі табылды

19.11.2021, 22:27
Фото: ашық дереккөз

Сәбидің жансыз денесі Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылынан табылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

otyrar.kz-ның мәліметінше, қарашаның 16-сы күні полицияға кәрізден жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны хабарланған.

Полиция қызметкерлері аумақты тексеріп, куәгерлермен сөйлесті. Іздестіру нәтижесінде олар босанған әйелді тапты. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Жас келіншек бір күн бұрын түсініксіз жағдай болғанын – дәретханаға барғанда ішінен бірдеңе түсіп қалғанын айтты. Сондай-ақ, ол өзінің жүктілігі туралы да білмегенін айтты.

Оның психикалық ауытқуы бар екені және ара-тұра емделіп тұратыны анықталды. Сондай-ақ, полицейлер оның қорланған-қорланбағанын да анықтады. Оның жігіті бар және оның денсаулық жағдайына қарамастан ресми түрде некелесуге дайын болып шықты.

Нәресте уақытынан бұрын және өлі туылған. Полиция «Ананың жаңа туған нәрестесін өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары