×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шымкенттің тойханаларынан асып кеткені шамалы – белгілі продюсер Орал әуежайын сынап тастады

01.09.2024, 11:33
Шымкенттің тойханаларынан асып кеткені шамалы – белгілі продюсер Орал әуежайын сынап тастады
Коллаж Ulysmedia

Белгілі продюссер Серік Абас-шах Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы әуежайды сынап, әлеуметтік желіге жазба қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

– 90 жылдық тарихы бар Орал әуежайының жаңа терминалындамын. Ғимарат осыдан екі жыл бұрын ғана пайдалануға беріліпті. Ескісіне қарағанда екі есе үлкейді десіп жатыр білетін жұрт. Бәрі нов-новый. Жаңаның аты жаңа (әрине). Бірақ қатты сүйсіндім деп айта алмаймын. Ауқымы жағынан Шымкенттің тойханаларынан асып кеткені шамалы секілді көрінді. Неге (болашақты ескеріп) бес есе үлкейтіп салмады екен ғимаратты? (деп ренжиін деп тұрдым да ренжімедім, еріндім). М.Мәметова атындағы әуежай, – деп жазады Серік Абас-шах.

Оралдағы әуежай жайлы

Әуежайдың бұрынғы иесі күшін жойған Bek air әуе компаниясына қарасты «Беркут аэропорты» ЖШС болған. Ол Орал қаласында тұратын.

Енді әуежайдың құрылтайшысы ретінде «Oral Airport Holding» ЖШС тіркелген. Компанияның үш иесі бар. «Ретранс» АҚ бірінші иесі. Ол Екатеринбургте тіркелген «Ретранс» АҚ ресейлік миллиардер Виктор Вексельбергпен байланысы бар компания. 2021 жылдың қорытындысы бойынша компания рентабельді емес (- 2,1 миллион рубль) деп танылған, штатта бір ғана адам бар. Соған қарамастан, ол Магнитогорск әуежайына да ие. Ол жекешелендіру аукционында 1 миллиард рубльге сатып алынған.

Сондай-ақ, Retrans компаниясы Аймақтар әуежайлары арқылы Вексельберг басқаратын Renova тобына тиесілі авиациялық активтерді басқарады. Холдинг құрамына Екатеринбург, Самара, Нижний Новгород, Саратов, Ростов-на-Дону, Новый Уренгой, Петропавл-Камчатский, Благовещенск, Орынбор және Тобылдағы әуе порттары кіреді.