×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Ақтөбе облысында Lexus қарияны қағып кетті

17.09.2021, 12:59
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында Lexus жүргізушісі 64 жастағы велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Polisia.kz мәліметінше, 15 қыркүйек сағат 7:40 шамасында Лексус автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласының шетіндегі тас жолмен “Самара-Шымкент” автожолына қарай келе жатып, велосипедшіні қағып кетті. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші Хромтау қаласының ауруханасына жатқызылды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 2-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші ешқандай алкогольдік ішімдік ішпеген.

«Автокөлік жүргізушілері жаяу жүргіншілерге, мотоцикл және велосипед жұргізушілеріне мұқият қарау керек. Өйткені олармен болған жазатайым оқиғалардың салдары қайғылы болады. Ал екі доңғалақты көліктердің жүргізушілері жол қозғалысы ережелері мен жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы қажет», – деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Серіктес жаңалықтары