×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қарағанды билігі шахталардың қауіпсіздігіне кепілдік бермейді

30.11.2021, 08:07
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қауіптілігі жоғары өнеркәсіп пен ондағы өндірістерде ешқашан апат болмайтынына ешкім кепілдік бере алмайтынын айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қарағанды шахталарында жиі болып тұратын қайғылы жағдайлардың себебі көп екенін келтірді.

«Бірнеше себеп бар: метан шығатын техногендік сипатпен бірге табиғи жайттардан бөлек, жабдықтың ескіруі сынды мәселелер жолығады, – деді кеншілер мекенінің жетекшісі. – Жұмыс берушінің жауапкершілігі 100%, табиғи сипаттағы сұрақтардан тыс, мен басқарған өзге келісім комиссиясы аясында жұмыс берушінің кінәсі анықталды. «АрселорМиттал Темиртау» 1 ақпанға дейін сегіз шахтадағы өндіріс үдерісіне жұмылдырылған барлық активті толық аудиттен өткізуге міндетті».

Егер жергілікті билік кеншілердің мұң-тілегіне дер кезінде құлақ асса, трагедияның алдын алуға болатын бе еді деген мағынадағы сауалға Жеңіс Қасымбек тиісті министрліктің жеке жауапкершілігін нұсқады. Облыс әкімінің сөзінше, өнеркәсіп қауіпсіздігімен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі Өнеркәсіп қауіпсіздігі департаменті айналысады. Департамент өкілдері қауіпсіздік техникасын сақтауды, техника жағдайын, тексерістерді назарда ұстауы тиіс.

«Жергілікті билік те бұл мәселеге көңіл бөлп, компания жабдықтардың бір бөлігін ауыстыруға инвестиция салғанымен, жаңарудың өзге қарқында жүргенін талап етіп отырмыз. Дегенмен бұл қауіптілігі жоғары өнеркәсіп пен өндіріс. Сондықтан жаңа шахталардың өзінде ешқандай кепілдік жоқ», – деді шенеунік өңірде бақытсыз жағдайлардың қайталанбайтынына кепілдік бере алмайтынын жеткізіп.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында осы жылдың 7 қарашасында болған төтенше жағдай салдарынан 14 адам қаза тапты. Жалпы қарағандылық кеншілер ұдайы ереуілдетіп тұрғанмен, «АрселорМиттал Темиртау» компаниясы жалақыны көтеру мен құрал-жабдықты жаңарту, қауіпсіздік жағын күшейту сынды бағыттарда үлкен өзгерістер жасауға құлықсыз.

Серіктес жаңалықтары