×
481.19
538.45
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.19
538.45
5.18

Оралға жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 15:02
Оралға жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөз

Мұрат Болатұлы Байменов Орал қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, әкім лауазымына Мұрат Байменовтың кандидатын ұсынды. Депутаттар оны қолдады. Нариман Төреғалиев жаңа әкімнің алдына облыс орталығының инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру бойынша бірқатар міндет қойды.

ОЛ КІМ

Мұрат Байменов 1969 жылы дүниеге келген. 

Әр жылдары БҚО қаржы басқармасы бастығының орынбасары, Шыңғырлау және Зеленов (қазіргі Бәйтерек) ауданы әкімдерінің орынбасары, БҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің меңгерушісі, БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары, «Жайық жылу қуат» АҚ бас директоры қызметтерін атқарған.

2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін бүгін Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалғаны туралы хабарлағанбыз.