×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Жер телімдері Сбербанкке кепілге қойылған ауыл тұрғындары бас көтерді

06.12.2021, 16:07

Жергілікті порталда жарияланған материалда Ақмола облысы Зеренді ауданындағы бұқара мен кәсіпкерлік нысаны арасындағы дауға Қазақстанда атышулы болып үлгерген Сбербанктің де араласып жатқаны жазылған деп хабарлайды Ulysmedia. 

Мәселенің мәнісі сонда, Қарлыкөл аулының тұрғындарының наразылық танытуына сотта ұзаққа созылған іс, оның барысында оларға тиесілі жер үлестерінің жүздеген миллион теңгеге банкте кепілге қойылғаны болып отыр. 

«ҚазЭкспортАстық» заңды бұзып, 2000 гектар жер үшін бірнеше рет сотқа берді. «Қазэкспортастықта» миллиондаған гектар жер бар. Қазір барлық жерді кепілге қойып, көп ақша алды. Енді олар қарыздарын төлей алмай, жер кетіп қалды. Халық жерсіз қалады, бүгінде оларда техника, егістік жерлерді өңдеуге мүмкіндік жоқ», - дейді Жәнібек Тасымов.

Ауылдағы ағайынға, тіпті, «Сбербанк-Инвестиция» компаниясы тарапынан 81 миллион АҚШ доллары қарызын қайтаруды талап еткен хат келген. Себеп – «ҚазЭкспортАстық» ЖШС ауылдықтардың жерін алға тосып, несие иеленген.

Осы аудандағы Қонысбай ауылының азаматтары ұқсас күйді, еріксіз Сбербанкке тұтқын болған ахуалды бастан кешуге мәжбүр.

Серіктес жаңалықтары