×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Шымкент әуежайында бомба бар деген дақпырт жұртты әбігерге салды

15.12.2021, 10:48
Фото: бейнежазбадан скрин

Бүгін таңертең Шымкент қаласы әуежайының электрондық поштасына бомба қойылғаны жайлы келіп түскен хабарлама жұртты әбігерге салды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша құзырлы орындар, оның ішінде полиция қызметі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің жергілікті департаменті тиісті шараларды өткізіп, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді.

«Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесінде лаңкестік актісі жайлы қасақана жалған хабарлама жасау бойынша тіркеліп, тексеру жүргізілуде», – деген арнайы орындар басқа ақпарат тергеу құпиясына жататынын ескертеді.

Қазір әуежай қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары