×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Ақтөбеде жасөспірім көпқабатты үйлердің кіреберісінде екі күн қонды

16.12.2021, 00:58
Фото: ашық дереккөз

Әйтеке би аудандық департаментіне 15 жастағы жасөспірімнің ата-анасы жүгінген. Олардың ұлы 13 желтоқсанда үйінен кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

mgorod.kz-ның мәліметінше, барлық полиция қызметі жасөспірімді іздеуге жұмылдырылған.

15 желтоқсан күні таңертең учаскелік полиция инспекторы үйінің кіреберісінде жоғалып кеткен кәмелетке толмаған баланы тапты. Ол облыс орталығына жол тартып, екі күн бойы үйлердің подъездерінде түнеген болып шықты.

«Ата-анасы немесе туыстары баланың жоғалып кеткенін түсінген бойда тәуліктің қай мезгіліне қарамастан дереу полицияға хабарласу керек. Ата-ана баласының қашан келуі керектігін біледі», - дейді тәртіп сақшылары.

Серіктес жаңалықтары