×
527.23
544.05
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.23
544.05
5.05

Ақтауда ата-аналар жаңа мектепте орыс сыныптары ашылмағаны үшін шу көтерді

Ақтауда ата-аналар жаңа мектепте орыс сыныптары ашылмағаны үшін шу көтерді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ақтауда салынған жаңа мектепте орыс сыныптары ашылмай, дау туды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗЫ

Ата-аналардың сөзінше, №31 орта мектеп салынып жатқан кезде ол аралас мектеп болып, қазақ сыныптары да, орыс сыныптары да ашылуы қажет болған. Бұл ақпарат білім бөлімі мен мектептің Instagram парақшасында да жарияланған. 

Жаңа мектепке құжат қабылдау басталғаны туралы 6 қаңтарда белгілі болған. Шенеуніктер мектепке әуелі 17, 19 және 33 шағынаудандағы балалар қабылданатынын айтқан. 

Ата-аналардың айтуынша, өткен аптаның соңында білім бөліміндегілер орыс сыныптары да ашылатынын хабарлаған. Алайда 6 қаңтарда бастауыш сыныпқа келген 200-ге жуық баланың ата-анасы құжат тапсыруға келген кезде олардың құжаттарын қабылдамай қойған. 

Ал мектептегілер мұның жауабын қалалық білім басқармасындағылар береді деп сілтеген.

Бұл балаларымыздың құқығы бұзылып отыр. Олардың қазақ тілінде оқитын оқушылардан несі кем? Олар да осы шағын ауданда тұрып, толық білім алуға құқылы. Ең болмағанда 1-ден 7-сыныпқа дейін әр параллельде орыс тілінде оқытатын бір-бір сыныптан ұйымдастырсын, — дейді ата-аналар.

ШЕНЕУНІКТЕР НЕ ДЕЙДІ

Қалалық білім бөліміндегілердің сөзінше, олар ата-аналардың арызын алған және бұл мәселе қарастырылады деп уәде берген. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. Бірақ комиссия орыс сыныптарын ашпау туралы шешім қабылдаған. 

Біріншіден, кадр жетіспейді. Екіншіден, мектепте орын аз. Мектеп 900 орынға шақталған. Оның үстіне, балаларды мемлекеттік тілде оқуға қабылдауға 1500 өтініш түскен. Осыған байланысты шенеуніктер ешқандай көмек көрсете алмайды”. 

Шенеуніктердің сөзінше, бүгінде қалада  33 мемлекеттік мектеп бар, оның 13-і орыс тілінде. 

17-шағын аудан тұрғындарына баламалы нұсқа ретінде білім бөлімі 13-шағын аудандағы №17 мектеп пен 27-шағын аудандағы №16 мектепте оқуды ұсынды. Алайда ата-аналар №17 мектептің лық толы екенін айтады. Ол жерде 900 орынның орнына 2000 бала үш ауысымда оқып жүр екен.