×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қарағанды облысында ірі қара арасында инфекция тарады

23.12.2021, 01:57
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысының Шет ауданындағы ірі қара арасында инфекция тарады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше, инфекция салдарынан Ақжал ауылына шектеу шаралары енгізілді. Вирустық диарея мен ринотрахеит тараған аулаларда зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Өңірде індет белгілері осы айдың басында анықталып, қазір 700-ден астам ірі қарада ауру белгілері анықталған. Ал алты бас сиыр осы вирустан өлген, бірақ қабылданған шаралардың нәтижесінде 250-ден астам ірі қараның сауыққаны мәлім болды.

«Вирустық диарея мен инфекциялық ринотрахеит емдеуге көнеді. Мысалы жүргізілген вакцина нәтижесінде 256 бас мал қайтадан сауығып отыр. Індет адамға жұқпайды. Егер патологиялық өзгерістер болмаса, сойылған жануарларды еш шектеусіз сатылымға шығара беруге де болады», - дейді ҚР АШМ Өңірлік ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Данияр Мерғазин.

Серіктес жаңалықтары