×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Оралда дауыл бес қабатты үйдің шатырын жұлып әкетті

26.12.2021, 11:36
Фото: ашық дереккөз

Екпіні секундына 23 метрге жеткен күшті жел бес қабатты үйдің 240 шаршы метр шатырын жұлып түсірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

БҚО Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға 26 желтоқсан күні сағат 00.05-те 4 шағынаудан №30 үйде болды. Үйдің жалпы ауданы – 1260 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органның арнайы комиссиясы жұмыс жасап жатыр. Үй 1991 жылы салынған. 2016 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. ПИК балансында тіркелмеген.

Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі кезде өңірде бірнеше жол жабық.

Серіктес жаңалықтары