×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Көлсайдағы би қазақстандықтарды тәнті етті

02.01.2022, 14:30
Фото: ашық дереккөз

Мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова Көлсай көліндегі мұз үстінде билеген видеосын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Желі қолданушылары видеоның астына тамсанған пікірлерін қалдырды.

Ксения Панкратова 2018 жылы Үлкен Алматы көлдерінде билеген видеожазбаны жарияланғаннан кейін танымал бола бастады. Кей адам оның биіне сүйсіне қараса, енді бірі оны көлді ластады деп айыптады. Кейін оны полицияға шақырып, ескерту алған. Мәнерлеп сырғанаушыны президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады, бірақ Қазақстан Республикасының табиғаты қорғауды қажет ететінін айтты.

Панкратова бұрын кәсіби мәнерлеп сырғанаушы болса, қазір жаттықтырушы болып жұмыс істейді.

«Құлсай көлдері» табиғи паркі ЮНЕСКО-ның әлемдік желісіне енді. «Құлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2007 жылы Алматы облысының Кеген және Талғар аудандарының аумағында құрылған. Ұлттық парк төрт орман шаруашылығынан тұрады: Таушелек, Құрметі, Көлсай және Қарабұлақ. Бұл орман шаруашылықтары 161 045 мың га аумақты алып жатыр.

Серіктес жаңалықтары