×
440.92
475.36
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
440.92
475.36
4.82

Жамбыл облысында бес күнгі өрттен 650 гектар жер күлге айналды

22.09.2021, 08:40
фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында бес күн бойы жанған дала өрті толық сөндірілді. Бүтін бір аудан халқының зәресін алған тілсіз жау тұрғындарға қауіп төндірген еді. Өйткені өрт жел екпінімен елді мекендерге лап қоя ма деген қауіп болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Адам шығыны болған жоқ. Шарушылық та аман-есен. Аңдар мен басқа да мал шығыны жөнінде мәлімет жоқ», - деді Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттан  құтқару қызметі бастығының орынбасары Әлібек Әбсатов.

КТК мәліметінше, тілсіз жау Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылы тұсындағы тау бөктерінде тұтанған. Желдің екпінімен қураған шөп тез жанып төңірекке жылдам жайылды. Оны сөндіруге 300 ге жуық адам мен 42 техника жұмылдырылған. Тіпті тікұшақ тартуға да тура келді. Өйткені биік қыраттардағы отты жаяу жүргендер сапалақпен ұрып сөндіре алмаған. Арнайы техникалардың да онда көтерілуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан әуеден су сеуіп сөндірген. Бес күнге созылған өрттен 650 гектар аумақ күлге айналды. Әзірге қызыл жалынның неден тұтанғаны белгісіз.

Серіктес жаңалықтары