Жол апатынан 8 жастағы қыз жабық бас-сүйек жарақатын алып, миы шайқалған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Жылдың алғашқы күні Орал қаласының Желтау аумағында Hyundai және Toyota маркалы көліктер соғылып, 10 шақты адам жарақат алғанын жазған едік. Соның бесеуі – бала.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жансақтау бөліміне түскен қыз екі тәулік бойы ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Бұған дейін зардап шеккен жолаушылар ауруханада жатқанын, көбі жабық бас-сүйек жарақатын алғанын жазған болатынбыз..