×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Шымкентте көпбалалы ана сәбиін 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған

04.02.2022, 08:58
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 1,5 жасар ұлын сатқан көпбалалы ана 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Оtyrar.kz сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша 32 жастағы әйел өзінің 1,5 жастағы ұлын сатпақ болған. Бұл туралы ол өз танысына мәлімдеген.

Ақпаратты естіген полицейлер баланы сатып алмақ болған жұп болып сатушымен байланысқа шыққан. Көпбалалы ана сатып алушыларды баланы көру үшін үйіне шақырған.

«Айыпталушы кездесуге шақырып, үйіне алып барған. Бастапқыда 1,5 миллион теңге сұраған, кейін 1 миллион теңгеге келісті. Саудаласу барысында полицейлер ақшаны берген, ал әйел баланы дайындап, полицейлердің қолына ұстатқан. Осы сәтте ол қолға түсті. Сауда барысын полицейлер жасырын камераға түсіріп алған», – деп мәлімдеді Шымкент ювенальді сотының басшысы Дәурен Сайханов.

Анықталғандай, әйел ажырасқан және төрт баланы жалғыз асырап отырған. Босанған соң ол баласын жетімдер үйінде тастап кетпек болған. Бірақ мамандар райынан қайтарыпты. 1,5 жылдан кейін қаржы жетіспегендіктен өзінің кіші баласын сатпақ болған.

Бұдан бөлек тағы да бір ана өз баласын сатқан. Ерлі зайыптылар бесінші балаларын бақуатты отбасыда өмір сүргенін қалапты. Осылайша келісім бойынша сатып жіберген. Арада аз уақыт өткенде баланың биологиялық анасы баласын қайтарып алғысы келген. Бірақ асырап алған отбасы баланы қайтарудан бас тартқан. Ал анасы полицияға шағымданған.

 

Серіктес жаңалықтары