×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Семейде оқушы қызды ұрлап кетпек болды

05.02.2022, 09:58
Фото: ашық дереккөз

Кешкі уақытта аялдамада тұрған оқушы қызды белгісіз ер адамның ұрлауға тырысқаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Семейде баланың ұрлана жаздағаны туралы пайда болған ақпаратқа түсінік берді.

Куәгерлердің айтуынша, қызға жас жігіт көмекке келген, содан кейін ер адам аялдамаға келіп тоқтаған автобусқа кіріп, «қашып» кеткен.

Полиция аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын, оқиғаның мән-жайы анықталатынын мәлімдеді.

«2022 жылдың 2 ақпанында аталған факті орталық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта ер адамның жеке басын, сондай-ақ аталған істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары