×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Түркістан облысының үш ауданын су басып қалды

02.02.2023, 10:07
видеодан кадр

Түркістан облысында күн жылынып, таяуда жауған қалың қар тез еріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2 ақпан сағат 08:00-ден бастап таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтерілген.

Салдарынан Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалды.

Облыс әкімдігінің дерегінше,Сауран ауданы Бабайқорған ауыл округіне қарасты Бабайқорған, Абай, Үлгілі елдімекендерінде көшелер мен тұрғын үйлердің ауласына су кірген. Алдын ала ақпарат бойынша шамамен 10-ға жуық үйдің ауласын су басты.

Бабайқорған ауылындағы жалпы орта мектептің ауласын да су басқан, мектеп оқушыларына сабақтар тоқтатылды.

ТЖД қызметкерлері жаңбыр суын сору жұмысын жүргізіп жатыр. 50-ден астам құтқарушы, 10 техника және 20 мотопомпа жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары