×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Рудныйда төтенше жағдай режимі жарияланды

06.02.2023, 16:24
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы облыс әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қалада жағдай тұрақты. 

 

"Жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің кейбір учаскелерінде тозудың жоғары деңгейіне байланысты апаттар мен жарылу жағдайлары жиілеп кеткендіктен, қала әкімдігі судың қатып қалуының алдын алу мақсатында жылу беру маусымындағы желілерді, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою, қосымша күштер мен қаржылық қолдауды тарту арқылы жергілікті маңызы бар техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялады", – деп хабарлады әкімдік.

Еске салсақ, 27 қаңтарда Рудныйда жылу магистралінің жарылуы салдарынан 24 көпқабатты үй мен 59 жеке үй жылусыз қалған болатын. Бір апта бұрын дәл сол желіде апат болған еді. Ол кезде бірнеше ондаған үй, сондай-ақ жүзден астам жеке үй мен ғимараттар жылусыз қалды.

21 қаңтарда мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, Рудный қаласындағы жылу құбырының жарылу салдарымен танысып, өңір басшылығының бірқатар тапсырма берген болатын.

Серіктес жаңалықтары