×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматы облысының диқандары егістікке қажетті су үшін 3 есе қымбат төлеп келген

09.02.2023, 13:44
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары заңсыз коммерциялық қызмет фактілерін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, ирригациялық желілерге мониторинг барысында ауылшаруашылығы кооперативтерінің суару каналдарына құқықтары жоқ екені белгілі болған. Табиғи монополиялар тізіліміне кірмей, заңсыз коммерциялық қызметпен айналысқан.

Олар суды Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналынан («Қазсушар» филиалы) бекітілген тарифке сәйкес алған, алайда оны фермерлік шаруашылықтарға жоғары бағамен сатқан. Осылайша, өздеріне монополист рөлін алған.

«Резервуардағы судың құны Үлкен Алматы каналында 1 м3 үшін 0,7 теңге болса, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге гектарына 20 000-28 000 теңгеден береді. Бұл – орташа есеппен 1 м3 үшін 2 теңгеден асады. Осы арналарды сенімгерлік басқару жөніндегі шарттарда 24-тен 2-еуі ғана бола алады. Қалыптасқан жағдай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құқықтарының бұзылуына алып келді. Бұдан былай суармалы суды фермерлер тікелей Үлкен Алматы каналынан алады», - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданының бір ғана Қаратұрық ауылдық округінде 272-ден астам шаруа қожалығы бар. Департамент ұсынысы негізінде тікелей Үлкен Алматы каналынан 1 м3 үшін 0,5 теңгемен шарттар жасасу мәселесі пысықталды.

Осылайша, бір ауылдық округ 42 млн теңгеден астам қаражат үнемдей алады. Сондай-ақ, басқа ауылдық округтерде тікелей шарттар жасасу мәселесі қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары