×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Жылу трассасы опырылып түскен: Зерендіде 400-ден астам тұрғын жылусыз қалды

28.03.2023, 16:06
Жылу трассасы опырылып түскен: Зерендіде 400-ден астам тұрғын жылусыз қалды
видеодан кадр

Ақмола облысы Зеренді ауданының орталығында ондаған үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 наурызда жылу магистралінің металл конструкциясы опырылып түскен.

“Қазіргі уақытта жылу беру тоқтатылды. Бұл ауданда абоненттер саны – 466. Жылу беру үшін уақытша орталық қазандық уақытша іске қосылады. Жылу магистралінің құлаған учаскесін қалпына келтіру жұмыстары мердігермен келісімшарттық міндеттемелер аясында жүргізіледі”, – делінген хабарламада.