×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанда даму қарқыны жөнінен өңірлер арасындағы алшақтық күрт өсті

31.03.2023, 11:31
sprosi-sam.ru

Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім бойынша Қазақстан өңірлері арасындағы алшақтық айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы "Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасында" айтылған.

"Өңірлер арасында ЖӨӨ бойынша алшақтық сақталуда. Мысалы, егер 2010 жылы ЖӨӨ деңгейі бойынша Алматының көрсеткіші Солтүстік Қазақстан облысынан 8,7 есе жоғары болса, 2022 жылы алшақтық 10 есе өсті. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша аймақтық теңсіздік мәселесінің өзектігі артты . Мәселен, Атырау облысында бұл көрсеткіш 2022 жылы Түркістан облысы бойынша көрсеткіштен 17 есе көп болды", - делінген бағдарламада.

Еске салайық, кеше Мәжілістің пленарлық отырысында президент Тоқаев Үкіметке өңірлерді дамытуды тапсырды.

 «Аймақтар қуатты болса, бүкіл мемлекет өсіп-өркендейді. Біз аймақтар арасындағы экономикалық теңсіздікті азайту үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек. Осы ретте Үкімет әкімдермен бірлесіп, әрбір облыстың әлеуетін арттыруға тиіс.

Әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет. Мен мұны бірнеше рет айттым. Сондай-ақ агломерацияларды дамыту мәселесіне баса назар аударған жөн. Үкімет осыған қатысты заңның мүлтіксіз орындалуын және жоспарланған жұмыстың тиімді атқарылуын қамтамасыз етуге тиіс», – деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары