×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

СҚО-дағы Сергеев су қоймасы үш күннен бері тасып жатыр

07.04.2023, 08:41
qaz-media.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасында ернеуден асқан судың биіктігі 169 см жетті, деп хабарлайды Uysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, су қоймасындағы судың биіктігі бір тәуліктің ішінде 67 см-ге көтерілген.

Сергеевка қаласының маңында Есіл өзенінің суы көтеріліп жатыр. Кешегі көрсеткішпен салыстырғанда 361 см өзгерген. Әзірге қауіпті деңгейге жеткен жоқ.

Шал ақын ауданы Крещенка елді мекенінің маңында Есіл өзені арнасынан шығып, жайылып жатыр. 6 сәуір күні мұнда өзен деңгейі бірден 4,5 метрге көтеріліп, қауіпті деңгей 1400 см-ге жақындап қалған еді. Кешегідей емес, екпіні саябырсып, бір тәулікте суы 42 см ғана көтерілді.

Есіл ауданы Покровка елді мекенінің маңында да Есіл өзені суының деңгейі көтеріліп келеді, бір тәулікте 31 см өзгерген.

Ал Гусаковка елді мекені маңынан өтетін Бабықбұрлық өзені суының деңгейі кешеден бері 115 см көтерілді. Кеше бірден 295 см көтерілген Ақанбұрлық өзенінің суы қайта бастады.

Возвышенка елді мекені маңындағы гидрологиялық бекетте мамандар су деңгейінің 9 см-ге кемігенін анықтады.

Жалпы Петропавлға қарай Есіл өзенінде әзірге өзгеріс шамалы, -3 +10 см аралығында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қостанай облысындағы тасқын су кірген  Қарамырза ауылындағы ахуал туралы жазғанбыз.

Серіктес жаңалықтары