×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ақтөбе облысында 30-дан астам ауыл жарықсыз қалды

17.04.2023, 12:48
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында ауа райы бұзылуы салдарынан 30-дан астам  ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 14-17 сәуір күндері аралығында бірнеше ауылда электр қуаты болмады. Атап айтсақ, Бершүгір, Сарсай, Алабас, Ақтоғай, Мөңке би, Қорғанжар, Ақтан батыр, Бегімбет, Есет ата, Байқадам, Алақозы, Аққайтым, Қопасор жылтыр, Тоғыз, Шілікті, Шалқарда барлығы 11 955 үй, оның ішінде 36 мыңға жуық адам бар. Сонымен бірге Ырғыз ауданының 15 ауылы да жарықсыз қалып, үш ауылдан өзгесінде жөндеу жұмысы аяқталды.

«Мәртөк ауданында 20 ауылда, Әйтеке би ауданында 8 ауылда жарық жоқ. Қазір Әйтеке би ауданының бір ауылына жарық берілді. Ал Қобда ауданында бір ауыл электр тогынан ажыратылған. Хромтау ауданында 6 ауылда қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Үшеуінде жұмыс аяқталды. Ал Мұғалжар ауылының бір ауылында жарық жоқ. Бүгін барлық аудан, ауылға жарық беріледі. Барлығы 50 бригадада 217 адам жұмыс істеп жатыр. Оларда 66 арнайы техника бар. Бұл жағдайға қатты жел мен электр жеткізу желісінің қатып қалуы себеп болды. Бағаналарға зақым келді»,- делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары