Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында болған төтенше жағдай фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 1-бөлігі «Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, «Шахтинская» шахтасында ұңғыманың үстіңгі жағын үңгіп қазу барысында үйінді құлап, проходчикті жарақаттаған.