×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ресей импортының артуы теңгені әлсіретіп бара жатыр – Ұлттық банк

19.10.2021, 11:02
Коллаж: ulysmedia.kz

Мұнай қымбаттағанымен, теңге рубльге қарағанда неге әлсіреп бара жатыр? Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова бұл үрдістің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Соңғы уақытта рубльге қатысты теңгенің айырбастау бағамы айтарлықтай әлсірегені байқалады. Рубль/теңге жұбының тепе-теңдігі рубль үшін 6 теңге болатындай жаңа деңгейге қарай ығыса бастаған.

«Шынында да, биыл екінші тоқсанның ортасынан бастап теңгенің Ресей рубліне қатысты айырбастау бағамы біршама әлсіреді. Қазіргі баға белгілеу жұмада бір рубль үшін 5,98-6 теңге деңгейінде болып отыр. Ұлттық валютаның Ресей рубліне қатысты байқалып отырған әлсіреуі бірқатар объективті себептерге байланысты», - дейді Әлия Молдабекова.

І СЕБЕП

ҰБ өкілінің айтуынша, біріншіден, экономикалық белсенділіктің қайта жандануы және кейінге қалдырылған сұраныстың іске асырылуы – импорттың өсуіне әкеледі. Ресейдің жалпы импорттағы үлесі жоғары деңгейде болып, 2021 жылғы қаңтар-тамызда 40,7%-ды құраған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайыздық тармаққа жоғары.

ІІ СЕБЕП

Екіншіден, жалғасып келе жатқан фискальды ынталандыру мен қолда бар кірістің артуы аясында бизнес пен халық тарапынан сұраныс өскенде Ресей тауарларының импорты ұлғайғаны байқалады. Ресейден импорт биыл екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 2020 жылғы екінші тоқсанмен салыстырғанда 36,1% ұлғайып, 4,2 млрд АҚШ долларына жеткен. Ал осы жылғы екінші тоқсанда ұқсас көрсеткіш 2,4% болған еді.

«Осылайша, Ресей тауарларының импортына артқан ішкі сұраныс теңгенің рубльге қатысты бағамының тепе-теңдігін әлсіреу жағына қарай ығыстыруға әкеледі. Қазақстанның қор биржасында теңге-рубль жұбымен биржалық сауда-саттық көлемінің ұлғайғаны да Ресей рубліне сұраныс өскенін білдіреді: мәселен, 2021 жылғы 1 тоқсанның ішінде сауда-саттықтың орташа көлемі бір айда 1,9 млрд рубль болса, осы жылғы 3 тоқсанда ол 5,2 млрд рубльге дейін өскен. Сонымен қатар айырбастау пункттерінде жылдың басынан бастап рубльді нетто-сатудың 26,6%-ға өскені байқалады», - дейді Әлия Молдабекова.

ІІІ СЕБЕП

Әлия Молдабекова сонымен қатар сыртқы факторларды да қосымша атап өтті. Айтуынша, жекелеген елдердің өндірісті ұлғайтуды кешіктіруі теңге үшін де, рубль үшін де қолдау болып табылатын мұнайдың бағасына жаңа серпін берген. Мәселен, дүйсенбіде мұнай бағасы Ангола, Нигерия мен Әзірбайжанда өндіруді ұлғайтудағы кідірістерге байланысты ОПЕК+ өндірісін 15%-ға қысқарту жоспарын асыра орындау туралы хабарламалар аясында бір баррель үшін 86 доллардан асқан. Газдың жоғары бағасы және шетелдік инвесторлардың Ресейдің борыш нарығына қызығушылығының артуы да мұнайдың жоғары бағасына қосымша Ресей рубліне қолдау көрсетеді. Соңғы 4 айда бейрезиденттердің РФ ФҚО-ға (федералды қарыз облигациялары) салымдарының деңгейі артып, 2021 жылғы қыркүйектің басында 21,4%-ға жеткен.

«Ұлттық банк теңгенің рубльге қатысты паритетін таргеттемейтінін, рубль/теңге жұбының бағамы бұдан әрі де нарықтық жағдайларға байланысты қалыптасатынын да атап өткен жөн», - дейді Әлия Молдабекова.

ИМПОРТТЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ

ҰБ өкілі сонымен қатар Ресей тауарлары импортының өсу жағдайында байқалған макроэкономикалық әсерлер туралы да айтып өтті.

«Ресей тауарларына ішкі сұраныстың артуы теңгенің айырбастау бағамына ғана қысым көрсетіп қоймай, сондай-ақ Ресейден жылдамдаған инфляция импорты арқылы Қазақстанда тұтыну бағасының қосымша өсуіне алып келеді. Ресейде инфляция қыркүйекте 2020 жылғы желтоқсандағы 4,9%-дан соңғы 5 жылдағы рекордтық 7,4%-ға дейін өсті. Қыркүйекте Ресейде азық-түлік инфляциясының деңгейі 9,2%-ға дейін өсті, бұл да Қазақстандағы азық-түлік инфляциясының өсуіне әсер етті», - дейді ол.

Әлия Молдабекова өз сөзінде Ресейден келетін импорт көлемінің өсуі аясында орын алатын теңгенің рубльге шаққандағы айырбастау бағамының әлсіреуі және инфляция импорты Қазақстан экономикасы мен сыртқы сауданың қалыптасқан құрылымын көрсететінін мәлім етті. Оның айтуынша мұнай нарығының оң серпініне қарамастан теңгенің әлсіз нығаю себептерінің бірі де осы.

Серіктес жаңалықтары