×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

1,5 триллион зейнетақы қоры: Қаржыны «Самұрық-Қазына» мен «Бәйтерек» басқарады

24.11.2023, 14:25
Коллаж Ulysmedia

ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов министрлер кабинеті энергетикалық нысандарды жаңғырту үшін Бірыңғай зейнетақы қорынан (БЗҚ) алынатын 1,5 триллион теңгенің қалай бөлінетінін түсіндірді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

«Қаржыландыруға қолдау көрсетілсе, бұл іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін айтайын. «Бәйтерек» пен «Самұрық-Қазына» өз облигацияларын шығарады, ал бұл облигацияларды БЖЗҚ сатып алады. Сонда ғана «Бәйтерек» пен «Самұрық» нақты жобаларды өздері қаржыландыратын болады. (...) Зейнетақы қорының алдында, яғни болашақ және қазіргі зейнеткерлердің алдында нақты жобалар емес, «Бәйтерек» пен «Самұрық» жауапты болады», – деді Сүлейменов жұма күні Ұлттық банкте өткен брифингте.

Ұлттық банк басшысы бұл құрылымдардың қаражатты басқаруға тартылуынан үлкен тәуекелдерді көрмей отырғанын атап өтті.

«Қазақстанның егемендік рейтингі ВВВ деңгейінде, «Бәйтеректің» де, «Самұрықтың» да рейтингі шамамен бірдей. Бұл жоғары рейтингті, өте сенімді компаниялар, сондықтан зейнетақы қорын «Самұрық» және «Бәйтерек» облигацияларына инвестициялау қалыпты нарық тәжірибесі болып табылады. Мен қазақстандықтардың қаражаты Қазақстанда кәдеге жаратылуы керек деп есептеймін. Біз қордағы ақшаның экономикамызға, нақты секторымызға салынуын қамтамасыз етуге тырысуымыз керек. Дұрыс көзқараспен мұны жүзеге асыруға болады деп ойлаймын, бірақ бұл қосымша талқылауды қажет етеді», – деді Сүлейменов.

Жалпы, Ұлттық банк бұл қаражатты зейнетақы қорынан шығару қажеттігі туралы Үкіметтің ұстанымымен келіседі. Алайда 1,5 триллион теңгенің барлығын тек инфрақұрылымдық жобаларға бағыттауға болмайтынын атап өтті.

«Ол жерде қаражатты бөлу шамамен былай болуы тиіс: үштен бірі инфрақұрылымдық жобаларға, қалған ақша экономиканы әртараптандыруға және ішкі ұсынысты арттыруға қатысты жобаларға бағытталуы керек. Бұл – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өңдеу өнеркәсібі және тағы басқа жоғары өнімді қызметтер. Бұл мәселені Үкімет, «Бәйтерек», «Самұрық» компаниялары талқылауы керек, Өйткені, экономика солардың құзырында», – деді ол.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Серіктес жаңалықтары