×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Елімізде әлеуметтік жәрдемақы мөлшері арта ма?

14.09.2021, 12:48
фото: ашық дереккөзден

Бұл мәселе сенатта талқыланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz парламенттің жоғары палатасына сілтеме жасап.

Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында депутаттар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауды күшейтуге қатысты заң жобасын талқылады.

Құжатта қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар, атап айтқанда, бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы беру, жәрдемақы мөлшерін ұлғайта отырып, 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектік топтарын белгілеу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру және т.б. жазылған.

«Заң жобасының мақсаты ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру, зейнетақымен қамсыздандыру, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік сақтандыру мәселелерін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру болып табылады», - деді Нариман Төреғалиев.

Сонымен қатар құжатта жұмыссыздарды еңбек биржасында тіркеу және жұмыссыз мәртебесін алу рәсімдерін жеңілдету тетіктері жазылған.

Сенаторлар комитет отырысының қорытындысы бойынша аталған заң жобасын палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары