×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қазақстанда қанша зейнеткер бар

18.01.2024, 09:07
Фото: Ашық дереккөзден

Елде 2023 жылы 3,3 триллион теңгенің зейнетақысы төленген. Ақпаратты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек министрлігі былтыр Қазақстанда 2,3 млн адамға 3,3 трлн теңгеден астам зейнетақы төлегенін хабарлады.

– 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді жыл сайынғы индекстеу шеңберінде ынтымақты зейнетақылар өсімі 10,5% (инфляция деңгейінен 2% артқан) құрады. Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері ұлғайтылды. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 744 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 82 868 теңге, базалық зейнетақы – 37 876 теңге, - деп хабарлады министрлік.

Қазір Қазақстанда 2 344 000 зейнеткер бар. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жиынтық зейнетақының ең төменгі мөлшері 77 417 теңгеден 86 068 теңгеге дейін ұлғайтылған.

Зейнетақы жүйесінен алынатын қаражат

Бірыңғай жинақтық зейнетақы жүйесі "Бәйтерек" ұлттық холдингі мен "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының облигацияларын сатып алатыны хабарланған еді.

Қазір экономиканы әртараптандыру және дамыту мақсатына сәйкес келетін жобалар таңдалып жатыр. Әңгіме 1,5 трлн жайлы болып отыр. Яғни, қаражат импортқа тәуелділікті төмендететін және қазақстандық қамту үлесін арттыратын жобаға жұмсалады. “Қаржыландыру жобаларды іріктеуге қарай 2024-2025 жылдар ішінде кезең-кезеңімен жүргізіледі” деп атап өтеді ұлттық банк.

Серіктес жаңалықтары